1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2021
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына 10-қосымша
10-қосымша өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.11.2015 жылғы № 893 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 10-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.01.2016 жылғы № 68 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан ерте емес) 15.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 23.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда (бұдан әрі – жәрдемақы);
2) I, II және III топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектігін алғашқы айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші;
3) жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) жәрдемақыны тағайындауға Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген жағдайда – Мемлекеттік корпорация;
2) жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде – портал арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) Мемлекеттік корпорацияға ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;
порталда – Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу түскен сәттен бастап 30 минут;
Полная версия

