Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2021
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
20-қосымша
23-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.11.2015 жылғы № 893 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 жылғы № 579 Бұйрығымен (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығымен (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Редакция 23.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (30.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 14 (он төрт) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут;
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi