Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2021
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
25-қосымша
28-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 23.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 30 минут; порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналасуға жолдама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жастар практикасына жолдама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама;
Полная версия
ИС BestProfi