Близость слов: Окончание:





Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қыркүйекте № 12045 болып тіркелді
Редакция 09.02.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 28.11.2025 жылғы № 409 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекітсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және кезеңдік баспа шығарылымдарға ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
Е.А. Досаев __________________ 
2015 жылғы 12 тамыз
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министріні міндетін атқарушысының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 196 бұйрығымен
бекітілген
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары
Сертификаттау талаптары өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 жылғы № 493 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Сертификаттау талаптары өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.07.2019 жылғы № 568 Бұйрығымен (25.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сертификаттау талаптары өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.01.2023 жылғы № 26 Бұйрығымен (29.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сертификаттау талаптары жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 28.11.2025 жылғы № 409 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі – сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-58) (бұдан әрі – Заң) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Сертификаттық талаптары авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Сертификаттық талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық техника – әуе кемесі, әуе кемесінің қозғалтқышы, әуе кемесінің әуе винті немесе оларға орнатуға арналған құрамдас бөлік;
Полная версия
ИС BestProfi