Близость слов: Окончание:





Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қыркүйекте № 12045 болып тіркелді
Редакция 05.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 41-58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекітсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және кезеңдік баспа шығарылымдарға ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
Е.А. Досаев __________________ 
2015 жылғы 12 тамыз
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 Министрі міндетін атқарушысының
 2015 жылғы 24 ақпанда
 № 196 бұйрығымен бекітілген
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.07.2019 жылғы № 568 Бұйрығына сәйкес (25.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі - сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 41-58) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Сертификаттық талаптары авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді (бұдан әрі – АТ ТҚ және Ж) жүзеге асыратынұйымдарға қойылатын талаптарды белгілейді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 жылғы № 493 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Осы Сертификаттық талаптарында мынадай терминдер менанықтамалар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 жылғы № 493 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) авиациялық техника - авиациялық техникалық құралдардың жиынтығы (әуе кемелері, оның борт жабдықтары және агрегаттары, қозғалтқыштары, мемлекеттік авиация әуе кемелерінің авиациялық жарақтары, авиациялық құтқару құралдары, кешендік тренажерлер (әуе симуляторлары), жиынтық бұйымдар, әуе қозғалысын басқарудың техникалық құралдары, қондыру мен байланыс навигациялары, сондай-ақ ұшуды орындауға арналған жалпы және арнайы жерүсті ұшуларды қамтамасыз ету құралдары, әуе қозғалысын және жерүсті ұшуларды басқаруды ұйымдастыру;
Полная версия
ИС BestProfi