Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2020
Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
 2015 жылғы 27 шілдедегі
 № 95 бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларының архивтері шегінде архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.02.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (27.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының м.а. 16.04.2019 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Бас Прокурорының 18.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларының архивтері шегінде архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға және порталға өткізген сәттен бастап –10 (он) күнтізбелік күн;
2) құжаттар топтамасын өткізу үшін барынша рұқсат етілетін күту мерзімі - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілетін мерзім – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларының архивтері шегінде архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмесін беру не осы мемлекеттік қызметтер стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Полная версия
ИС BestProfi