Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2020
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 қыркүйекте № 12055 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Бас Прокурорының 18.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 28.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Бекітілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас прокурорының 09.03.2017 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.04.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес;
2) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде архив анықтамарын және/немесе архив құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының м.а. 16.04.2019 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай - Комитет):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымындарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы С.М. Айтпаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму 
министрі 
____________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 7 тамыз
Полная версия
ИС BestProfi