1. «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2020
«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.02.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (27.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас прокурорының 09.03.2017 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.04.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 24.12.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес (09.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Бас Прокурорының 18.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға өткізген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде – 10 (он) минут;
қосымша тексеру болған жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні;
шетелге шыққан жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын өткізу үшін күтуге ең көп рұқсат етілетін уақыт – 15 (он бес) минут;
3) ең көп рұқсат етілетін қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) минут;
Құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толықтай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру (бұдан әрі – анықтама).
Полная версия

