Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2020
Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
 2015 жылғы 27 шілдедегі
 № 95 бұйрығына 3-қосымша
«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.02.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (27.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 24.12.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Бас Прокурорының 18.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес
Редакция 07.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру коммерциялық емес акционерлік қоғам «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға өткізген күнінен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын өткізу және алу кезіндегі кезекті ең көп рұқсат етілетін уақыты– 15 (он бес) минут;
3) ең көп рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут;
Құжаттарға қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – арнайы мөртабан-апостиль қойылған құжат, осы құжатты бекіткен тұлғаның қолтаңбасының түпнұсқасын және оның өкілеттігін, сонымен қатар мөрдің немесе мөртабаның түпнұсқасын куәландырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес, әрбір құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік баж салығы алынады.
Төлем «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi