1. «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу»мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына 25-қосымша
25-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 21 Бұйрығымен (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Регламент өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.02.2016 жылғы № 71 Бұйрығымен (20.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Регламент өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 16.05.2017 жылғы № 312 Бұйрығымен (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Регламент өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 Бұйрығымен (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
Құжатарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары (бұдан әрі – АҚӨО) немесе «Салық төлеушілер кабинеті» веб-қосымша (бұдан әрі – СТК);
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
4) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) бюджетке артық төленген салықты, төлемді, өсімпұлды есепке алу;
2) қате төленген соманы тиісті бюджеттік сыныптама кодына және (немесе) тиісті салық органында есепке алу;
3) артық төленген салық, бюджетке төленгенетін төлем, және өсімпұл сомасын, сондай-ақ қате төленген салық, бюджетке төленетін төлем сомасын салық төлеушінің банк шотына қайтару;
4) салық салу саласындағы құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қаматмасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамалары бойыншасалық төлеушінің банк шотына оның күшінің жойылуына немесе мөлшерінің азюы салдарынан заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару;
5) сот шешімі бойынша салық төлеушінің банктік шотына электрондық аукциондар күшін жою нәтижесінде төленген салық, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды қайтару;
6) бюджет сыныптамасының тиісті кодынансалық төлеушініңбанктік шотына артық төленген мемлекеттік баж сомасын төленген жері бойынша қайтару;
7) аудару кезінде мемлекеттік кірістер органы қатенің бар екенін растамаған жағдайда – қатенің расталмағаны туралы жазбаша хабарлау;
8) мемлекеттік баж сомасын қайтару жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің –салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғаны туралы хабарламасы;
Полная версия