1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығына 3-қосымша
Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары
Редакция 24.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Зертхана жүзеге асыратын тұқым сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi жұмыс түрлерiн аккредиттеу саласы айқындайды және аккредиттеу органы берген аккредиттеу аттестатымен расталады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (09.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жүргізу қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес ұлттық стандарттар белгілеген барлық көрсеткіштер (толық талдау) бойынша немесе нормаланатын көрсеткіштердің біршамасы (толық емес талдау) бойынша жүргізіледі.
3. Тұқымның егістік сапаларының ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн белгілеуді аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханалар тұқым партиясынан ұлттық стандарттарға сәйкес iрiктеп алынған орташа сынаманы зерттеу негізінде жүргізеді. Тұқымның сұрыптық сапасы сұрыптық егiстердi байқаудан өткізу актiсiмен расталады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (09.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тек егіске ғана арналған тұқым партияларынан орташа сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушiнің өтiнiмі бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен және тиiстi қорытындысы бар тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.
Сатуға арналған тұқым партиясынан орташа сынамаларды іріктеп алуды тұқым өндірушінің өтініші бойынша тұқым өндіруші өкілінің қатысуымен тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.
Орташа сынамаларды iрiктеп алу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресiмделедi. Орташа сынамалар осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орташа сынамаларды тiркеу журналында тіркеледі.
Орташа сынамаларды iрiктеп алу актісі екi данада ресiмделедi – бiр данасы сынама iрiктеп алынған тұқым өндiрушiге беріледі, екiншiсi сынамамен бiрге тұқымның сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертханаға жолданады.
4. Тұқымның сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертхана сынамаларды талдау нәтижелерiне байланысты өтініш берушіге тұқымның сапасы туралы құжаттарды – тұқымның кондициялығы туралы куәлiкті немесе тұқымды талдау нәтижесiн, ал тұқымдық картопқа түйнектiк талдау актісiн бередi. Тұқымның сапасы туралы құжаттар деректері осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымның сапасы журналында жазылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (09.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тұқымның сапасы туралы құжаттардың берілгені осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген тұқымның сапасы туралы құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
5. Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк егiс сапасы толық талдауға тексерiлген және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келетiн тұқым партияларына беріледі. Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
Талдауын егiске дейiн күнтізбелік он бес және одан аз күн бұрын (сатуға арналған тұқымнан басқа) ылғалдылығы мен зиянкестермен жайлануын айқындамастан жүргiзетiн тұқымның өнгiштiгi орнына өмiрге бейiмдiлiк нормасын ескере отырып, жиналатын жылы себуге пайдаланылатын күздiк дақылдардың тұқымына кондициялылығы туралы куәлiк беруге жол берiледi.
6. Салмағы бақылау бiрлiгiнiң салмағынан артық тұқым партиясына тұқымның кондициялылығы туралы куәлiктi әр бақылау бiрлiгiнен iрiктеп алынған орташа сынамаларды талдау нәтижелерi негiзiнде партияның орташа арифметикалық көрсеткiштерi бойынша мынадай жағдайларда бередi:
1) партиядан iрiктеп алынған барлық сынамалардың талдау нәтижелерi тұқымның егiс сапасына ұлттық стандартқа сай келетін нормалардың барлық көрсеткiштері бойынша сәйкес;
2) тұқым партиясы сапасының орташа арифметикалық көрсеткiштерi ұлттық стандарт нормаларына сай келеді, ал бақылау бiрлiктерiнiң бiр бөлiгiнiң тұқымдары кондициялы емес болып табылады, бiрақ олардың сапа көрсеткiштерi орташа арифметикалық белгiленген рұқсат етілген алшақтықтардан аспайтын шамаға ауытқиды.
Сынамалардың бiр бөлiгiнде қаракүйелiк құрылымдардың, қастауыш пен басқа да саңырауқұлақтың қарамықтарының маңызы ұлттық стандарттарда белгiленген нормалардан екi еседен артық асқан жағдайда, тұқым партиясына тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк беруге жол берiлмейдi.
Полная версия