Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 251 бұйрығына
 5-қосымша
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 07.12.2015 жылғы № 613 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
Редакция 23.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптамалық ұйым);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 9 (тоғыз) ай ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеуге кедергі келтіретін негіздерді жоюға қажетті қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы толық сараптаманың алдын ала  қорытындысына қарсылық берген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның апелляциялық кеңесіне түпкілікті сараптамалық қорытындыға қарсылығын берген жағдайда жеті айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы қарсылық берудің немесе сараптаманың сұрау салу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы өткізіп алған мерзімдерін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
Полная версия
ИС BestProfi