Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 251 бұйрығына
 7-қосымша
«Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
Редакция 23.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткен соң, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен бұрын жіберіледі. Патенттi беру туралы мәлiметтер қызмет алушының өтінішхаты бойынша бюллетеньде белгіленген мерзімнен ерте жарияланады.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
көрсетілетін қызметті алушы түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды сараптама ұйымының сұрау салуы немесе хабарлауы бойынша ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезінде бірінші өтінімнің көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында, алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда, он екі айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушының патентті беруге дайындағаны үшін төлемді және патентті бергені үшін мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
Полная версия
ИС BestProfi