1. «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018
Документ показан в демонстрационном режиме!
«Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
1-Тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);
3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 18 (он сегіз) өткен соң ол қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен бұрын жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша патенттi беру туралы мәлiметтер бюллетеньде мерзімінен бұрын жарияланады. Патентті беру туралы мәліметтерді жариялаумен бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға патент беріледі. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге сараптама, егер мәлімделетін өнертабыс патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілерге жататын болса, жеделдетілген түрде жүргізіледі.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мерзім:
көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезде бірінші өтінім көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы өзгертілген немесе жетіспейтін құжаттарды, қосымша материалдарды, оның ішінде сараптама ұйымының сұрауы не хабарлауы бойынша өнертабыстың өзгертілген формуласын ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұратуына жауап мерзімін ұзарту және сараптама сұратуына қосымша материалдарды ұсыну жөнінде өтініш берген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптама ұйымының сұратуына жауап және қосымша материалдарды, сондай-ақ мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлемді растайтын төлем құжаттарын ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда он екі айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы патентті беруге арналған құжаттарды дайындау үшін төлемді растайтын құжатты және патент беру үшін мемлекеттік бажды ұсыну мерзімін қалпына келтіру жөнінде өтінішхат берген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады
Полная версия