Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 887 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР  Үкіметінің 06.04.2018 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-кұжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі

10 500

540

реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

3.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

11 000

600

реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

6.

Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру

10 500

540

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Полная версия
ИС BestProfi