Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Қазақстан Республикасы
 Сыртқы істер министрінің
 2015 жылғы 10 тамыздағы
 № 11-1-2/328 бұйрығына
 4-қосымша
«Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 жылғы № 11-1-4/319 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік).
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 2 жұмыс күн;
2-процесс - азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру - 3 жұмыс күн.
1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 2 жұмыс күн;
2-процесс - азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру - 3 жұмыс күн.
3) әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу:
1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;
2-процесс - құжаттарды зерделеу немесе тексеру - 28 күнтізбелік күн;
3-процесс - азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру - 1 жұмыс күн.
4) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) және бұзуды тіркеу:
1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;
2-процесс – азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру - 30 күнтізбелік күн;
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
2-процесс бойынша - туу туралы куәлік беру.
1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
2-процесс бойынша - қайтыс болу туралы куәлік беру.
3) әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу:
1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
2-процесс бойынша - азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қорытындыны ресімдеу;
3-процесс бойынша - азаматтық хал акіні тіркеу және куәлік беру.
4) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) және бұзуды тіркеу:
1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
2-процесс бойынша - неке қию және неке бұзу туралы куәлік беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы қатысады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдауды, тіркеуді, тиісті құжаттарды тексеруді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мен өтінішті қарауды көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының
 шетелдегі азаматтарының азаматтық
 хал актілерін тіркеу» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 қосымша
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
 Туу туралы куәлікті беру бойынша
Қайтыс болу туралы куәлікті беру бойынша
Әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу туралы куәлікті беру бойынша
Неке қию (ерлі-зайыптылықты) және бұзу туралы куәлікті беру
 бойынша
Полная версия
ИС BestProfi