Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 қыркүйекте № 12056 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 жылғы № 11-1-4/319 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 18.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 15.02.2016 жылғы № 11-1-2/44 Бұйрығына сәйкес (10.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
13) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
13-тармақша күшін жойды ҚР Сыртқы істер министрінің 03.06.2020 жылғы № 11-1-4/183 Бұйрығына сәйкес (15.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9364 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қазандағы № 212 (28435) және 2014 жылғы 5 қарашадағы № 216 (28439) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов
Полная версия
ИС BestProfi