Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Қазақстан Республикасы
 Сыртқы істер министрінің
 2015 жылғы 10 тамыздағы
 № 11-1-2/328 бұйрығына
 3-қосымша
«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 жылғы № 11-1-4/319 Бұйрығына сәйкес 
1. «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге алу немесе одан шығару.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1) 1-процесс - құжаттарды қабылдау, тіркеу - 1 жұмыс күн;
2) 2-процесс - құжаттарды қарастыру және тексеру, қажетті деректерді ақпараттық жүйеге енгізу - 1 жұмыс күн;
3) 3-процесс - консулдық есепке қою немесе алып тастау, дайын құжаттарды беру - 1 жұмыс күн.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) 1-процесс бойынша - көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
2) 2-процесс бойынша - көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйедегі деректерін өзгерту.
3) 3-процесс бойынша - консулдық тіркеуден алынғаны жөнінде анықтама алу немесе консулдық тіркеуге тұрғаны жөнінде паспортқа белгі қою.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамы қатысады.
9. Тиісті құжаттары бар өтінішті қабылдауды, тексеруді, тіркеуді және қарастыруды көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Шетелде Қазақстан Республикасының
 азаматтарын есепке алу» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 қосымша
«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi