Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Қазақстан Республикасы
 Сыртқы істер министрінің
 2015 жылғы 10 тамыздағы
 № 11-1-2/328 бұйрығына
 12-қосымша
«Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 жылғы № 11-1-4/319 Бұйрығына сәйкес 
1. «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шақыруды ресімдеу.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;
2) 2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарастыруы және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі - ҰҚК) келісу үшін жіберуі - 2 жұмыс күн;
3) 3-процесс - ҰҚК-мен келісім алу - 1 жұмыс күн;
4) 4-процесс - шақыруды ресімдеу және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру - 1 жұмыс күн.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) 1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
2) 2-процесс бойынша - көрсетілетін қызметті берушінің ҰҚК ақпараттық жүйесіне сауалы;
3) 3-процесс бойынша - ҰҚК ақпараттық жүйесінің жауабы;
4) 4-процесс бойынша - ресімделген шақыруды беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі адамдар қатысады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы;
9. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдауды және тіркеуді, тиісті құжаттарды тексеруді мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру арқылы өтінішті қарауды жүзеге асырады.
Визалық құжаттарды келісу ҰҚК-нің ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Шетелдіктерге Қазақстан
 Республикасына кіруге шақыруды
 ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет регламентіне
 қосымша
«Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi