1. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығына 1-қосымша
«Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 жылғы № 11-1-4/319 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бұдан әрі - паспорт) жасау не паспортқа жазба енгізу.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1) паспортты ресімдеу бойынша:
1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тіркеуі - 1 жұмыс күн;
2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды тексеруі - 1 жұмыс күн;
3-процесс - құжаттарды дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (ҚР СІМ) одан әрі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне (ҚР ІІМ) қарастыру үшін жолдау - 35 күнтізбелік күн.
4-процесс - СІМ-нің жүзеге асырған құжаттарын ІІМ-ге жолдауы - 5 жұмыс күн;
5-процесс - ІІМ-нің жүзеге асырған құжаттарын тексеру, паспорттарды дайындау және құжаттарды СІМ-ге жолдау - 35 күнтізбелік күн;
6-процесс - ІІМ-нен алынған құжаттарды тексеру, дайындау және СІМ жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіге жолдау - 37 күнтізбелік күн;
7-процесс - СІМ-нен келіп түскен құжаттарды алу және дайын паспортты көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беру - 3 жұмыс күн.
2) паспортқа жазба енгізу бойынша:
1-процесс - өтініштерді, құжаттарды қабылдау және оларды тексеру - 1 жұмыс күн;
2-процесс - паспортқа белгілер енгізу үшін құжаттарды дайындау және оларға қол қою - 1 жұмыс күн;
3-процесс - белгілер енгізілген паспортты беру - 1 жұмыс күн.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді орындауды бастауға негіз болады:
1) паспортты ресімдеу бойынша:
1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
2-процесс бойынша - дипломатиялық поштаны ресімдеу;
3-процесс бойынша- көрсетілетін қызметті берушінің СІМ-ге ілеспе хаты;
4-процесс бойынша - СІМ-нің ІІМ-ге ілеспе хаты;
5-процесс бойынша - ІІМ-нің СІМ-ге ілеспе хаты;
6-процесс бойынша - СІМ-нің көрсетілетін қызметті берушіге ілеспе хаты;
7-процесс бойынша - қызмет алушымен паспортты алу.
2) паспортқа жазба енгізу бойынша:
1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
2-процесс бойынша - паспортқа жазба енгізу;
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай адамдар қатысады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы;
2) СІМ-нің лауазымды адамы;
3) ІІМ-нің лауазымды адамы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдауды және тіркеуді көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы жүзеге асырады.
Тиісті құжаттары бар өтінішті қабылдауды, тексеруді, тіркеуді және қарастыруды көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы жүзеге асырады.
СІМ-нің лауазымды адамы көрсетілетін қызметті берушіден алынған құжаттарды ары қарай ІІМ-ге жолдауды жүзеге асырады.
ІІМ-нің қызметі «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне қосымша
«Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорт ресімдеу бойынша
Паспортқа жазба енгізу бойынша
Полная версия