Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 11-1-2/328 бұйрығына
13-қосымша
Осы Бұйрық 13-қосымшамен толықтырылды ҚР Сыртқы істер министрінің 15.02.2016 жылғы № 11-1-2/44 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 18 маусымнан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 03.06.2020 жылғы № 11-1-4/183 Бұйрығына сәйкес 
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 жылғы № 11-1-4/319 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 11-1-2/517 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік қызмет стандартына (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12830 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен (бұдан әрі - ІІМ) және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - шетелде тұрғылықты тұруға рұқсат алу жөнінде жазба енгізілген жеке тұлғаның (бұдан әрі - қызметті алушы) паспорты.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;
2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарастыруы - 1 жұмыс күн;
3-процесс - құжаттарды дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі - СІМ) одан әрі ІІМ-нің аумақтық бөлімшелеріне қарастыру үшін жолдау - 23 күнтізбелік күн;
4-процесс - СІМ-нің құжаттарды ІІМ-ге жолдауы - 5 жұмыс күн;
5-процесс - ІІМ-мен құжаттардың қарастырылуы, тексерілу және өтініштің қарастырылуы қорытындысы туралы ресми хат дайындап, СІМ-ге жолдауы - 30 күнтізбелік;
6-процесс - ІІМ-нен келіп түскен құжаттарды СІМ-мен қызмет берушіге жолдау - 25 күнтізбелік күн;
7-процесс - жеке тұлғаның паспортына тыс жерде тұрғылықты тұруға рұқсат беру жөнінде жазба енгізу - 3 жұмыс күн.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді орындауды бастауға негіз болады:
1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
Полная версия
ИС BestProfi