Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.07.2017
Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
 2015 жылғы 12 қазандағы
 № 121 бұйрығына
 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет  Регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 24.03.2016 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес (12.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Регламент күшін жойды 2017 жылдың 21 шілдесінен бастап ҚР Бас прокурорының 18.05.2017 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.03.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 санымен тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші) жүзеге асырады. 
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады: 
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы; 
2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал). 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде (шетелге шығу үшін қызмет алғандарға). 
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлердің) іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметті алушының құжаттарының (бұдан әрі – құжаттар) болуы мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-әрекетін) бастаудың негізі болып табылады. 
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізу құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: 
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызмет алушыдан құжаттарды қабылдауы – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламенте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушының деректерін, сонымен бірге қызмет алушы өкілінің сенімхаты бойынша деректерін сұрау нысанына енгізуі (нотариат бекіткен сенімхат бойынша, басқаша бекітілген сенімхат бойынша деректер толтырылмайды) – 1 минут;
«электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - БНАЖ) – қызмет алушы өкілінің сенімхаты туралы сұрау салу – 1 минут; 
ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болуын тексеру – 1 минут; 
Мемлекеттік корпорация операторының сұрау нысанын толтыруы және қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректер) ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою) – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация операторының ЭҮШ арқылы ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты өңдеу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ) жіберуі – 1 минут;
Полная версия
ИС BestProfi