1. «Жерасты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына 4-қосымша
«Жерасты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жерасты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитутты тiркеу туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негізі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркелім алымының молшерлемесі 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.
Мемлекеттік алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап 20.00 - ге дейін, түскі үзіліссіз жүзеге асырылады.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен, «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкіндігімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасағен кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынаң 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) сервитутты белгілеу туралы шарт немесе соттың шешімі (нотариалдық расталған көшірмесі);
3) тіркеу алымы төленгенін куәландыратын төлем құжатының көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау, оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қоюмен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде түпнұсқалардың төлнұсқалығын қайта шығарылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, егер де Мемлекеттік корпорацияға тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болғанда.».
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданутәртібі
11. Мемлеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 және 16 -тармақтарында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі. Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол және поштамен келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мен тіркеу нөмірі шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртабан қайылады, кіріс нөмірі).
Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағымдарды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін пысықтау барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізуге (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас болады тарту жауап туралы).
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жергілікті атқарушы органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы өзге ерекшеліктері ескеріле отырып де талаптар
13. Тыныс – тіршілігін шектейтін, ағза функциясының турақты бузылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажеттіболған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне шығумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану департаменті» кіші бөлімінде орналасқан.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы, ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 983414; 8 (7172) 983416. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414
«Жерасты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе ұйымның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі\ бизнес сәйкестендіру нөмірі)
________________________________
көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы
_________________________________
ӨТІНІШ
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
20 __ жылғы «__» ____ ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін (қолы)
«Жерасты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының
(бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе
ұйымының атауы)
___________________________________
___________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты__________________________________________мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Ұсынылмаған құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
3) ...
Осы қолхат 2 данада жасалады, әр тарап үшін бір данадан.
___________________________________________ ________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы) (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері)
Орындаушының. Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________
Телефон__________
Алды: ______________________ _______________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ жылғы «___» ___________
Полная версия