Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2022
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 20 шілдедегі
 № 600 бұйрығына
 1-қосымша
Рецептілерді электрондық форматта жүргізуді реттеу стандарты
Осы Стандарт күшін жояды 2022 жылғы 17 маусымнан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.05.2022 жылғы № ҚР ДСМ-48 Бұйрығына сәйкес 
1. Рецептілерді электрондық форматта жүргізуді реттеу стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Кодекс) және DIN EN 13940 «Үзіліссіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі» халықаралық стандарт талаптарын ескере отырып, электрондық форматта рецептілерді жүргізу тәртібін іске асыру және реттеу үшін талаптарды және шарттарды айқындайды.
1) электрондық рецептілер сервисінің (бұдан әрі – ЭРС) жұмыс тәртібін айқындау, оларды реттеу, ЭРС кезеңдерін жүзеге асыру үшін ақпараттың ең аз көлемін айқындау, рецептіні жазып беру, рецепт бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру туралы хабардар ету;
2) медициналық көмек көрсетуді қолдауды қамтамасыз ететін тараптарды сәйкестендіруге, олардың шынайылығын және пациенттің келісімін белгілеуге қатысты ЭРС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Осы Стандартта мына терминдер мен ұғымдар қолданылады:
1) бірнеше рет қолданылатын рецепт – дәрілік препаратты бірнеше рет босату жүзеге асырылатын рецепт;
2) дәрілік заттар – фармакологиялық белсенді әсер ететін заттарды білдіретін немесе қамтитын, аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған заттар, дәрілік субстанция, табиғи жолмен пайда болған дәрілік шикізат, дәрілік заттардың ангро- және балк-өнімдері, медициналық иммунобиологиялық препараттар, парафармацевтиктер;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты;
5) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрілік заттың дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
6) дәрілік препарат – белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;
7) дәрілік препараттардың ұлттық сәйкестендіргіші – Қазақстан Республикасында жазып беруге немесе пайдалануға рұқсат етілген дәрілік препараттардың ұлттық тіркеліміндегі белгілі бір дәрілік препараттың сәйкестендіру коды;
8) жарамды рецепт – рецептіні жазуға құқығы мен өкілеттілігі бар медициналық қызметкердің жазып берген рецептісі;
9) медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық сәйкестендіргіші – Қазақстан Республикасында жазып беруге немесе пайдалануға рұқсат етілген медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық тіркеліміндегі белгілі бір медициналық мақсаттағы бұйымның сәйкестендіру коды;
10) рецепт – электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі – ЭДП) арқылы дәрілік заттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды электрондық форматта немесе басылып шығарылған версияда босатуға қатысты ЭДП арқылы медицина қызметкері жүзеге асырған дәрілік препараттың тағайындалуы;
11) рецепт бойынша босатылатын дәрілік препаратқа рецепт – рецепт бойынша босатылатын дәрілік препаратты белгілі бір пациентке өткізуге медициналық көрсетілетін қызметті беруші беретін рецепт;
12) рецепт бойынша босатылатын дәрілік препарат – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер пациенттің медицина қызметкері жазып берген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 тіркелген) 130/у нысан бойынша рецептісін көрсетуімен ғана босатылатын дәрілік препарат;
Полная версия
ИС BestProfi