Близость слов: Окончание:





Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қарашада № 12235 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_______________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 11 қыркүйектегі
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 5 қазандағы
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
______________ В. Школьник 
2015 жылғы 4 тамыздағы
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 19-5/293 бұйрығымен
 бекітілген
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары
1. Осы Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрi - су шаруашылығы құрылыстары) кейiннен сатып алу құқығынсыз жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды. 
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жалға алушы - Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 
2) жалға беруші - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар;
Полная версия
ИС BestProfi