Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қарашада № 12235 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 11 қыркүйектегі
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы 5 қазандағы
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ В. Школьник 2015 жылғы 4 тамыздағы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығымен бекітілген
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрi - су шаруашылығы құрылыстары) кейiннен сатып алу құқығынсыз жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жалға алушы - Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
2) жалға беруші - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар;
Полная версия