«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңының 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Мүлікті жария ету туралы декларацияның нысанын және Оны толтыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 593 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 12391 болып тіркелді
Редакция 21.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мүлікті жария ету туралы декларацияны толтыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 593 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша
2-қосымша
3-қосымша
Полная версия