Близость слов: Окончание:





Мүлікті жария ету туралы декларацияның нысанын және Оны толтыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 593 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 12391 болып тіркелді
Редакция 21.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңының 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мүлікті жария ету туралы декларацияның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мүлікті жария ету туралы декларацияны толтыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 27 қарашадағы
 № 593 бұйрығына 1-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi