Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2019
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2014 жылғы 20 қазандағы
 № 62 бұйрығына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – экология департаменті туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 жылғы № 690 Бұйрығымен (20.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.07.2016 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (25.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.04.2019 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (10.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже күшін жойды 2019 жылғы 30 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 01.08.2019 жылғы № 9-Ө Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып Экология департаменті (бұдан әрі - Департамент) табылады, ол экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтарына, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және егер уәкілеттік берілсе, Комитеттің атынан түседі.
5. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар түріндегі актілер шығарады.
6. Аумақтық органның құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрімен келісе отырып бекітіледі.
мемлекеттік тілде – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің _________________________ бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Республиканское государственное учреждение «Департамент экологии по _________________________ Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан».
8. Департаменттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ___________________________.
9. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
10. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
11. Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне жол берілмейді.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
 және міндеттері
12. Департаменттің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:
1) қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;
Полная версия
ИС BestProfi