Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12700 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 12 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 26.01.2018 ж. № 76 Бұйрығына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабының 6-тармағы 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.04.2017 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (14.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға орналастырылуын;
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» № 30 бұйрығының (Әділет ақпараттық–құқықтық жүйесінде № 9777 жарық көрген № 10281 мемлекеттік тізілімде тіркелген құқықтық нормативтік акті) күші жойылсын деп танылсын.
Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.04.2017 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (14.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.