«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық-экономикалық кеңесінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық коэффициенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 48 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық коэффициенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 14-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) осы бұйрыққа 18-1-қосымшаға сәйкес Халықаралық бірлескен комиссияның (JCI, США) стандарттары бойынша аккредиттеуден өту туралы куәлігі бар медициналық ұйымдар үшін коэффициент;
15-2) осы бұйрыққа 19-2-қосымшаға сәйкес шығын сыйымдылық коэффициенті қолданылатын медициналық ұйымдардың тізбесі;»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 18-1 және 19-2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 48 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына 18-1-қосымша
Халықаралық біріккен комиссияның (JCI, США) стандарттары бойынша аккредиттеуден өту туралы куәлігі бар медициналық ұйымдар үшін коэффициент
р/с № |
Атауы |
Коэффициент (JCI) |
1 |
«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ |
1,05 |
2 |
«Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ |
1,20 |
3 |
«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ |
2,90 |
4 |
«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ |
1,05 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 48 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына 19-2-қосымша
Шығын сыйымдылық коэффициенті қолданылатын медициналық ұйымдардың тізбесі
Р/с № |
Атауы |
Коэффициент |
1 |
«Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы» АҚ |
1,18 |
Полная версия