Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық коэффициенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 48 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық-экономикалық кеңесінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық коэффициенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 14-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) осы бұйрыққа 18-1-қосымшаға сәйкес Халықаралық бірлескен комиссияның (JCI, США) стандарттары бойынша аккредиттеуден өту туралы куәлігі бар медициналық ұйымдар үшін коэффициент;
15-2) осы бұйрыққа 19-2-қосымшаға сәйкес шығын сыйымдылық коэффициенті қолданылатын медициналық ұйымдардың тізбесі;»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 18-1 және 19-2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова  
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 48 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 8 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
18-1-қосымша
Халықаралық біріккен комиссияның (JCI, США) стандарттары бойынша аккредиттеуден өту туралы куәлігі бар медициналық ұйымдар үшін коэффициент

р/с №

Атауы

Коэффициент (JCI)

1

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ

1,05

2

«Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ

1,20

3

«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ

2,90

4

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ

1,05

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 48 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 8 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
19-2-қосымша
Шығын сыйымдылық коэффициенті қолданылатын медициналық
ұйымдардың тізбесі

Р/с №

Атауы

Коэффициент

1

«Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы» АҚ

1,18

Полная версия
ИС BestProfi