Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
"Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 ақпандағы № 187 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13464 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес   
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11712 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кеме экипажының аз құрамы туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»
«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау»;
«9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
3) көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттікті растайтын құжат бойынша заңды тұлға, нотариат куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қыметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, жеке тұлға мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, Мемлекеттік корпорация операторы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхатты береді.
10. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік кызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
Полная версия
ИС BestProfi