1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 жылғы № 429 Бұйрығымен (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2017 жылғы № 530 Бұйрығымен (05.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 12.04.2018 жылғы № 152 Бұйрығымен (17.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 29.06.2018 жылғы № 316 Бұйрығымен (12.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар мен шарттар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 19.12.2019 жылғы № 539 Бұйрығына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 жылғы № 132 Бұйрығымен (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар мен шарттар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 жылғы № 202 Бұйрығына сәйкес (07.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 жылғы № 561 Бұйрығымен (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар мен шарттар жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 30.12.2022 жылғы № 533 Бұйрығына сәйкес (12.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 10.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады);
2) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) үміткер педагог (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген);
3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
4) аттестаттау кезеңі – біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін шарттар болған жағдайдағы уақыт аралығы;
5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі; 6) апелляциялық комиссия – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау бойынша шешім қабылдайтын комиссия;
7) біліктілікті бағалау – білім беру ұйымының педагогтің материалдарын (портфолиосын) біліктілік сипаттамаларына сәйкес барлық құжаттарының бар болуын қарауы;
8) біліктілік санаты – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіптік стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – педагог қызметінің дәлелдері мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
10) педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым жүргізетін педагогтің білімін тестілеу рәсімі;
11) Ақпараттандыру нысаны «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы» (бұдан әрі – Платформа) – педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымның платформасы.
3. Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес кемінде бес жылда бір рет өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары
4. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) педагогтері, әдіскерлері, бірінші басшылары, басшы орынбасарлары біліктілік санатын беруге (растауға) аттестаттау кезінде өтініші негізінде біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.
Полная версия

