Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.01.2021
"Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13346 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 7 қантардан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 28.12.2020 жылғы № 545 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 13.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11057 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_____________ Е. Досаев 
«29» қаңтар 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму 
министрінің міндетін атқарушы 
_____________ Ж. Қасымбек 
«___» _____________ 2016 жыл  
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2016 жылғы 22 қаңтардағы
 № 68 бұйрығына
 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2016 жылғы 22 қаңтардағы
 № 68 бұйрығына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы 8 сәуірдегі
 № 179 бұйрығына
 3-қосымша
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
Полная версия
ИС BestProfi