Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2021
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 28 сәуірдегі
 № 279 бұйрығына
29-қосымша
Осы Бұйрық 32-қосымшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.11.2015 жылғы № 893 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
32-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.01.2016 жылғы № 68 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан ерте емес) 15.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
32-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
«Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 12.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1 тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
2) Мемлекеттік корпорацияда жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті «портал арқылы» броньдауға болады.
Полная версия
ИС BestProfi