Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.03.2021
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 146 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 мамырда № 13697 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 30 наурыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.03.2021 жылғы № 77 Бұйрығына сәйкес 
1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларында:
«9. Субсидиялар дайындаушы ұйымдарға тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы бойынша төленеді.
Субсидияларды есептеуді өтінім қосымшасына сәйкес дайындаушы ұйым жүргізеді.
Дайындаушы ұйым өнімді өткізгенде осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес белгіленген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидияларын есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша рұқсат етілген құнынан асырған жағдайда, субсидия мөлшері барынша рұқсат етілген құн бойынша есептеледі.
Егер өткізілген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес белгіленген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидияларын есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша рұқсат етілген құнынан төмен болса, субсидия мөлшері нақты құн бойынша есептеледі.
Бұл ретте, дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығының сомасынан төмен қосылған құн салығы сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері нақты төленген қосылған құн салығының сомасына тең болады.
Дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша есептелгеннен артық қосылған құн салығы сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері есептік жылдың тиісті салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығы сомасына тең болады.»;
«5. Субсидияларды төлеу тәртібі және субсидия аясында алынған қаржы құралдарын қайтару»;
«13. Басқарма дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген мәліметтерді және дайындаушы ұйымның Заңның 16-1-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді. Өтінімге қосымшамен берілген субсидия сомасын есептеуді жасау дұрыстығын тексереді және субсидиялар төлеу (мәліметтер сәйкес келген және есептеу дұрыс болған жағдайда) немесе төлеуден бас тарту (мәліметтер және есептеулер сәйкес келмеген жағдайда) туралы шешім қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Дайындаушы ұйым субсидия беру үшін белгіленген шарттарды орындамаған жағдайда, Заңның 11-бабы 5-тармағына сәйкес субсидия аясында алынған ақшалай қаражат қайтаруға жатады:
1) егер дайындаушы ұйымның Заңның 11-бабы 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізгеннен түскен кірісі тиісті есептік жылдың жиынтық жылдық кірісінің 90 пайызынан кем болса және (немесе) субсидиялар сомасы тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасынан көбірек болса;
2) дайындаушы ұйымның өтінімде дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталған жағдайда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімін өндірудегі кірісі жиынтық жылдық кірісінен 90 пайыздан кем емес болған жағдайда, қаржылық бақылау органдары дайындаушы ұйымды тексеруді аяқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарды жазбаша түрде хабардар етеді.
Полная версия
ИС BestProfi