Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11008 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 30 наурыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.03.2021 жылғы № 77 Бұйрығына сәйкес
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.06.2020 жылғы № 198 Бұйрығына сәйкес (16.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 жылғы № 146 Бұйрығымен (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.06.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.12.2018 жылғы № 496 Бұйрығымен (31.03.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.08.2019 жылғы № 299 Бұйрығымен (10.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.06.2020 жылғы № 198 Бұйрығына сәйкес (16.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар) есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялау және «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосыған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға;
2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын тұлға;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;