Близость слов: Окончание:





«Арнайы пошта байланыс қызметінің қызметкерлерін және ұлттық пошта операторларының қызметкерлерін формалық киімдермен қамтамасыз ету үлгілерін, кию қағидаларын, нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Арнайы пошта байланыс қызметінің қызметкерлерін және ұлттық пошта операторларының қызметкерлерін формалық киімдермен қамтамасыз ету үлгілерін, кию қағидаларын, нормаларын бекіту туралы
«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Ұлттық пошта операторның арнайы пошта байланыс қызметі жұмыскерлерінің формалық киім үлгісі 1 қосымшаға сәйкес;
2) Ұлттық пошта операторының жұмыскерлерінің (погонсыз) формалық киім үлгісі 2 қосымшаға сәйкес;
3) Ұлттық пошта операторының арнайы пошта байланыс қызметі жұмыскерлерінің формалық киімдер үлгісі нормаға сәйкес қамтамасыздандыр,кию ережесі;
4) Ұлттық пошта операторының жұмыскерлерінің (погонсыз) формалық киім үлгісін нормаға сәйкес қамтамасыздандыр,кию ережесі бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар Вице-министрлігіне (С.С. Сарсенов):  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы «____»__________
№ бұйрығына
қосымша
Ұлттық пошта Арнаулы байланыс қызметiнің жеке құрамына арналған формалық киім үлгісі
1. Ерлерге арналған формалық киім үлгісі
Полная версия
ИС BestProfi