Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 510-II Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 03.01.2023 № 188-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистика жүйесi - уәкiлеттi органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң бiрiккен статистикалық электрондық ақпараттық ресурстары;
2-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) құқықтық статистикалық ақпарат - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi уәкiлеттi органға беретiн құжатталған ақпарат;
3-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) құжатталған ақпарат - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы тұлғалар, заттар, фактiлер, оқиғалар, мән-жайлар және басқа да құқықтық құбылыстар мен процестер туралы мәлiметтер;
4-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) ақпараттық есепке алу құжаты - өз негiзiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерi құралатын, белгiленген үлгiдегi құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттiк, оптикалық, электрондық) жеткiзушiсi;
5-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) құқықтық статистикалық байқау - заңдылықтың, құқықтық тәртiптің, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының жалпы жай-күйiне әсер ететiн құбылыстар мен процестер туралы статистикалық байқау;
7) азаматтық-құқықтық статистика - азаматтық-құқықтық саладағы азаматтық құқықтық қатынастардың, азаматтық және әкімшілік сот iсiн жүргiзудiң, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;
7-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталары – мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің нақты уақыт режимінде елді мекендердің географиялық координаттарында құқықтық статистикалық ақпаратты визуализациялауды қамтамасыз ететін құрамдасы;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7-1-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) қылмыстық-құқықтық статистика – қылмыстық-құқықтық саладағы қылмыстық теріс қылық пен қылмыстылықтың, сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеп-тексерудің, қылмыстық сот ісін жүргізудің, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің жай-күйі, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаны үшiн жазалау және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының қолданылуы туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;
8-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
8-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) әкiмшiлiк-құқықтық статистика - әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;
10) ведомстволық есепке алу - жедел және арнайы есепке алумен байланысты емес, мемлекеттiк органның iшкi ведомстволық қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар, заттар және оқиғалар туралы мәлiметтер жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау және сақтау;
11) арнайы есепке алу - мемлекеттiк құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау;
12) жедел есепке алу - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң жедел iздестiру қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар туралы мәлiметтердi жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау, сақтау;
13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi –Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органға құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, арнаулы, сот және өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, сондай-ақ адамдар;
13-тармақша өзгертілді ҚР 15.01.2014 жылғы № 164-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 157- VII ҚРЗ Заңына сәйкес (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) уәкiлеттi орган - өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
14-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)