Осы Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретiндегi ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi № 258 Заңы
Редакция 04.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi
1. Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады.
2. Алматы қаласының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 05.07.2004 жылғы № 570 Заңымен ( 29.12.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1-1-бап. Алматы қаласының нышаны
1-1-баппен толықтырылды ҚР 05.07.2004 жылғы № 570 Заңына сәйкес
1. Алматы қаласының өз елтаңбасы бар, ол қаланың Қазақстан Республикасының мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ оның географиялық орналасқан жері мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін бейнелейтін нышаны болып табылады.
2. Алматы қаласы елтаңбасының сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін және оның бейнесiн Алматы қаласының өкілдi органы айқындайды.
2-бап. Алматы қаласының аумағы
1. Алматы қаласының аумағын жергіліктi өкілдi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілейтiн және өзгертетiн, Алматы қаласының әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнің шекарасы шегiндегі жер құрайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР 05.07.2004 жылғы № 570 Заңымен ( 29.12.2003 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2017 жылғы № 86-VI Заңына сәйкес (22.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумағын құрайтын қала шегiнен тыс жер қала маңындағы аймақты құрайды, оның көлемi мен шекарасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қала маңындағы аймаққа кiретiн жердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн қаланың атқарушы органының аумағы қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстық атқарушы органмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2-тармақтың 2-бөлігі өзгертілді ҚР 29.12.2003 жылғы № 512 Заңымен ( 24.12.2001 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалатын aтаулары мен шекарасы бар аудандар қаланың әкімшілік-аумақтық бiрлiктерi болып табылады.
3-тармақпен толықтырылды ҚР 05.07.2004 жылғы № 570 Заңына сәйкес
4. Алматы қаласының аудандары тиiстi аумақтардың географиялық, қала құрылысы ерекшеліктері, халқының саны, әлеуметтік-экономикалық сипаттары, көлік коммуникацияларының орналасуы, өндірістік және әлеуметтiк инфрақұрылымының болуы eскеріле отырып құрылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 05.07.2004 жылғы № 570 Заңына сәйкес
2-1-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-1-бап алынып тасталды ҚР 01.03.2011 жылғы № 414-IV Заңымен ( 22.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi
Алматы қаласының өкiлдi органы :
1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджет пен оның атқарылуы туралы есептердi бекiтуге;
2) Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұл өндiрiп алудың мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеуге;
Полная версия