Близость слов: Окончание:





«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11151 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің тізбесі және жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге (оның ішінде қалпына келтіруге) арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттеуі бар аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілгеннен кейін, әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелерін қоса бере отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қарауға беріледі.
Министрлік оң нәтиже болған жағдайда, тиісті ілеспе хатпен жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттері тізбесінің және субсидиялар нормаларының бір данасын кері қайтарады.
Министрлік теріс нәтиже болған жағдайда, келісуден дәлелді бас тартуы бар хатпен жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттері тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларының екі данасын да қайтарады.
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттері тізбесі және (немесе) субсидиялар нормалары облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттері тізбесіне және (немесе) субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім беру;»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге арналған субсидияларды алуға өтінім беру;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Субсидиялар АӨК субъектісі өтінім берген субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің алаңдарына және облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
Полная версия
ИС BestProfi