Близость слов: Окончание:





«Резидентура туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы» 30 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Резидентура туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы» 30 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175 –бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 36-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Резидентура туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы»30 қаңтардағы N 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5142 болып тіркелген, 2008 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында № 6 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентура туралы Ережені осы бұйрықтың косымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;  
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа және электрондық нұсқада бір данада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтің берілуін қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2016 жылғы «___» ___________
№ ___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы»30 қаңтардағы
№ 28 бұйрығымен бекітілген
1. Осы Ереже Қазақстан Респбуликасының «Халық денсаулығы денсаулық жүйесі туралы» Кодексына, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы медициналық білім және ғылым ұйымдарындағы резидентурада медициналық кадрларды даярлау тәртібін анықтайды (бұдан әрі-білім және ғылым ұйымдары), меншік нысанына қарамастан.
Полная версия
ИС BestProfi