Близость слов: Окончание:





«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Заң жобасын әзірлеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамыту қажеттілігімен байланысты, оның ішінде қатынастарды құқықтық реттеудегі кемістіктерді, қайшылықтарды жою үшін әзірленген.
Осыған байланысты мынадай өзгерістерді көздеу қажет.
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру әрбір азамат жарналар және/немесе аударымдар төлеуді өзі немесе үшінші адамның жүргізуі тиіс деген қағидатты болжамдайды.
Осыған байланысты «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – МӘМС туралы Заң) «қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар» анықтамасын «олар үшін жарналар мемлекеттен түсетін адамдар» анықтамасына ауыстыру қажет.
Көрсетілген қағидатты ескере отырып, олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) жарналар түсетін адамдар тізбесі нақтылауды талап етеді, сондықтан жұмыс берушілер олар бойынша Қорға жарналар төлеуден босатылады.
Сонымен, МӘМС туралы Заңмен техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқыту аяқталған жылдан кейінгі жылдың күнтізбелік он екі айы аяқталғанға дейін оқитын адамдар МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы бар адамдар санатына жататыны көзделген. Бұл ретте бұл адамдар үшін жарналар немесе аударымдар төлеу бойынша міндеттеме төлеушілердің ешқайсысына көзделмеген.
Осыған байланысты, адамдардың аталған санатын олар үшін Қорға жарналар төлеуші мемлекет болып табылатын адамдар тізбесіне қосу ұсынылып отыр. Одан басқа, аталған адамдар тізбесі резидентура нысанындағы ғана оқытуды алып тастау арқылы кеңейтіледі. Алайда, бюджеттің мүмкіндіктерін және түлектерді жұмысқа орналастыруына ынталандыруды ескере отырып, олар үшін жарналарды оқыту аяқталған айдан кейінгі алты күнтізбелік ай ішінде мемлекеттің төлеуі ұсынылып отыр.
Олар үшін Қорға жарналар мемлекеттен түсетін адамдар санатын кеңейту сондай-ақ осы санатқа 18 жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарды, бір жыл ішінде жұмыс істемейтін оралмандарды қосу арқылы жүзеге асырылатын болады
Сондай-ақ аударымдар мен жарналарды төлеушілер тізбесін әскери қызметшілерді, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, мынадай негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметшілермен толықтыру қажет.
Сонымен, МӘМС туралы Заңмен төлеушілер ретінде Еңбек кодексінің 1-бабының 43) тармақшасына сәйкес жеке тұлға болып табылатын, жұмыс берушімен еңбек қатынастарындағы және жұмысты тікелей еңбек шарты бойынша орындайтын жұмыскерлер көзделген.
Бұл ретте «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туралы» Заңның 1-бабының 12) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Осылайша, мемлекеттік қызметшілердің жұмыскерлер санатына жатпайтынын ескере отырып, бұл адамдар санатын көздеу қажет.
МӘМС туралы Заңға олар үшін жарналар және/немесе аударымдар түскен жағдайда мынадай адамдар үшін Қорға мемлекет жарналарының түсімін тоқтатуға қатысты нақтылайтын норманы енгізу қажет:
1) орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар;
Полная версия
ИС BestProfi