Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 455 қаулысы  
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 131-құжат);
2) «Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 8, 76-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 11 тамыздағы № 455
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларында:
«22. Осы Қағидалар лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар бойынша ақшалай ұтыс түріндегі мүлікке қолданылады. Лотерея билеттері, түбіртектер және өзге де құжаттар бойынша заттай ұтыстың құнын лотерея операторы болып табылатын тұлға бюджет кірісіне есептейді.
Лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, лотерея операторының атауы, тираждың нөмірі мен атауы (болған кезде), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (болған кезде), лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі және ұтыс мөлшері көрсетіледі.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.10.2020 жылғы № 643 Қаулысына сәйкес (11.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 865 Қаулысымен (07.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 683-қүжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларында:
«2) төлем құжаттары, құжаттық эмиссиялық емес бағалы қағаздар, лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар, сондай-ақ төлем карточкалары және ақшаны уақытша орналастыруың қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу мүмкіндігі жоқ шетел валютасы – олардың тиісті сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда, оларды алып қоюды жүргізген қылмыстық процесті жүргізетін органның сақтау камерасында сақталады не екінші деңгейдегі банктің ең жақын мекемесіне тапсырылады;».
5. «Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ- ы, 2015 ж., № 72-73-74, 548-қүжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларында:
5-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу; астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызмет; ойын бизнесі саласындағы қызмет;».
Полная версия
ИС BestProfi