Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2018
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша білім беру саласындағы заңнаманы жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 469 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2018 жылғы № 696 Бұйрығына сәйкес
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2016 жылғы 3 қазанға дейін медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік кәсіби оқу бағдарламаларының жобаларын әзірлесін және маған ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 469 бұйрығына
қосымша
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының құрамы

Нұралиева

Ұлмира Әуезханқызы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директор орынбасарының міндетін атқарушысы, басшы

 

Смаилова

Алтынай Нағызханқызы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің, адами ресурстар және менеджментті дамыту басқармасының басшысы, басшының орынбасары

 

Тоқтарова

Майра Абдразаққызы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің бас сарапшысы, хатшы

 

Досқожаева

Сәуле Темірболатқызы

-

«Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректоры (келісім бойынша)

 

Асенова

Ләззат Хасенқызы

-

«Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының үздіксіз кәсіби даму факультетінің деканы (келісім бойынша)

 

Тұрлұгұлова

Гүлбараш Тотайқызы

-

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты директорының орынбасары (келісім бойынша)

 

Сапарова

Ляйлүм Тасболатқызы

-

«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының үздіксіз кәсіби дамыту және қосымша білім беру факультетінің деканы (келісім бойынша)

 

Нұрғалиева

Роза Ерғалиқызы

-

Бақылау кеңесі бар «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру деканы (келісім бойынша)

 

Танатарова

Гүльназ Нұрсұлтанқызы

-

«Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру деканы (келісім бойынша)

 

Джакова

Гүлжанат Ертайқызы

-

«Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодарлық филиалының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру деканы (келісім бойынша)

 

Патсаева

Ләйлә Анапияқызы

-

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының дәрігерлерді жетілдіру факультетінің деканы (келісім бойынша)

 

Тұндыбаева

Мира Қапсеметқызы

-

«Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіби білім беру орталығының басшысы (келісім бойынша)

 

Сибгатулина

Эльмира Миркатқызы

-

«Қазақстан-Ресей медицина университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының директоры (келісім бойынша)

 

Оспанов

Қуаныш Төлеуұлы

-

«Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми жұмыс бойынша директорының орынбасары (келісім бойынша)

 

Исмаилова

Айман Тәкешқызы

-

«Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының хатшысы (келісім бойынша)

 

Шынболатова

Айгүл Серікқызы

-

«Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

 

Үкбенова

Лаура Түлеубекқызы

-

«University Medical Center», «Ана және бала ұлттық ғылыми орталығы» Корпоративтік қорының қосымша білім беру бөлімінің басшысы (келісім бойынша)

 

Койков

Виталий Викторович

-

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылым және медициналық білім беру департаментінің директоры (келісім бойынша)

 

Сұлтанғазиева

Айгүл Атақанқызы

-

«Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының білім беру бөлімінің басшысы (келісім бойынша)


 


 


 


 

Полная версия
ИС BestProfi