Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 696 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 696 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 1135 бұйрығы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалаудың кейбір мәселелері туралы»;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 1046 бұйрығы «Көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1024 бұйрығы «Интернаттық ұйымға жатпайтын білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді және оны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беруді жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 984 бұйрығы «Эндокринологиялық қызметті жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 825 бұйрығы «Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы»;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 тамыздағы № 686 бұйрығы «Инсульттан болатын өлімді төмендетудің және инсультпен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартудың кейбір мәселелері туралы»;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 587 бұйрығы «Еуропалық директиваларға сәйкес барлық деңгейлерде мейірбике мамандарын даярлаудың кейбір мәселелері туралы»;
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 585 бұйрығы «Балалардың мүгедектігінің себептерін зерттеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы»;
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 469 бұйрығы «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша білім беру саласындағы заңнаманы жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 441 бұйрығы «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
Полная версия
ИС BestProfi