2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 63 және 64-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережесіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша комиссия отырысының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 2-хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығы
Редакция 13.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстанның Тауар өндірушілер Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанында аккредиттелсін және оған тиісті аккредитеу туралы куәлік берілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 03.09.2018 жылғы № 625 Бұйрығымен (16.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.02.2019 жылғы № 77 Бұйрығымен (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтары жойылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментінің директоры А.Қ. Алиақпаровқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Министрдің міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.11.2016 жылғы № 800 Бұйрығымен (01.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) 1-қосымша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.05.2017 жылғы № 284 Бұйрығымен (17.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) 1-қосымша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.06.2017 жылғы № 322 Бұйрығымен (22.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) 1-қосымша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.10.2017 жылғы № 732 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) 1-қосымша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2017 жылғы № 926 Бұйрығына сәйкес (25.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) 1-қосымша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.02.2018 жылғы № 108 Бұйрығымен (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) 1-қосымша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 03.09.2018 жылғы № 625 Бұйрығымен (16.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 03.09.2018 жылғы № 625 Бұйрығымен (16.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығына 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.02.2019 жылғы № 77 Бұйрығымен (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығына 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.02.2019 жылғы № 77 Бұйрығымен (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 № бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының жойылуға тиіс бұйрықтарының тізбесі
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 55 бұйрығы.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 03.09.2018 жылғы № 625 Бұйрығымен (16.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 113 бұйрығы.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.10.2017 жылғы № 732 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 626 бұйрығы.
6. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 866 бұйрығы.
7. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның және Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1034 бұйрығы.
Полная версия