Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2016
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 55 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 01.06.2016 жылғы № 467 Бұйрығына сәйкес
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Заң департаментінің директоры А.Қ. Әлиақпаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы
 № 55 бұйрығына 1-қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы
  

Қасымбек

Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, төраға

Атамқұлов

Бейбіт Бәкірұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары

Нұрғалиев

Рашид Қабділмәжітұлы

-

Заң департаментінің директорының орынбасары, хатшы

Жұмағалиев

Асқар Қуанышұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

Pay

Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы
 № 55 бұйрығымен бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия), Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы тұрақты әрекет ететін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін, осы ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
3. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және онда Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
1) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуге өтінімдерді қарау;
2) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату мәселелерін қарау;
3) аккредиттеу материалдарын қараудың қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар шығару болып табылады.
2) бірлестікті аккредиттеуден бас тартуға;
3) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы.
6. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
7. Комиссияның ұсынымы негізінде бірінші вице-министр аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту жөніндегі куәлікті беру туралы шешімді қабылдайды.
Аккредиттеу туралы куәлікті немесе себептерін негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны Министрліктің тиісті шешімді қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бірлестікке береді.
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы
 № 55 бұйрығына 2-қосымша
Күші жойылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 167 бұйрығы.
2. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 557 бұйрығы.
3. «Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығы.
4. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 56 бұйрығы.
5. «Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 224 бұйрығы.
6. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 893 бұйрығы.
7. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының 2014 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығы.
Полная версия
ИС BestProfi