Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10582 тіркелді
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.09.2017 жылғы № 545 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрықтын 2-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;
3) осы бұйрықтын 3-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;
4) осы бұйрықтын 4-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;
5) осы бұйрықтын 5-қосымшасына сәйкес «Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бекітілсін.
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық - ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.06.2016 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10. Осы Қағидаларға сәйкес ұсынылатын декларациялар дара кәсіпкерлер, заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігі) басшысы, бас бухгалтері қол қояды. Электрондық түрде ұсынылатын декларациялар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 жылғы № 1078 Бұйрығына сәйкес (07.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізіледі.